Моңғолдардың мәсіхшіленген тарихын жазу.

2 Сәуір 2019, 8:58 am | Автор:  
Бөлім:  Ғылыми еңбек
Оқылды 989 рет Соңғы рет өзгертілді: Дүйсенбі, 29 Сәуір 2019 07:52

13-ші ғасырдың аяғы мен 14-ғасырдың басындағы сирия мәтіндердегі моңғолдар.

Микко Васко, 2006

13-ші және 14- ші ғасырлардағы моғолдардың жаулап алулары соңғы жүз жыл бойына егжей-тегжейлі зерттелді. Көптеген зерттеулерге қарамастан, ертедегі моңғол хандарының, әсіресе Парсы хандарының діни саясаты туралы көзқарастар әртүрлі зерттеушілерде әртүрлі. Кейбіреулер моңғолдар буддизмді қалады дейді, басқалары одарды діни толерантты болған деседі, яғни барлық діндерді тең деп санаған. Әрі қарай жалғастырсақ, кейбір ғалымдар, моңғолдар мәсіхшілікке қатты тартылған деп мәлімдейді, ол мәліметті олар негізінен моңғол билігінің астында өмір сүрген мәсіхшілердің жазғандарынан алған. Әсіресе сирия мәтіндерінен үзінділер көп келтіріледі.
Бұл зерттеуге менің қызығушылығым осы қайшылықтардан туындады, сондай-ақ сирия мәсіхшілерінің өздерінің көзқарастарын зерттеу үшін сириялық қайнар-көздер аз болғаны да түрткі болды.
Бұл еңбектегі менің мақсатым моңғол билігінің тұсында мәсіхші авторлардың жазған бірнеше сириялық тарихи мәтіндерін мұқият зерттеу. Бейне зерттеулерінің әдіснамасын пайдаланып, осы мәтіндер моңғолдарды қалай бейнелейтінін, сондай-ақ, бұл бейне қалай жасалғанын анықтаймын.

Мұндай зерттеудегі маңызды тақырып тарихтың және тарихографияның сирия мәсіхшілері үшін маңызы. Осы әдістер арқылы сирия мәсіхшілердің менталитетін жақсырақ түсіну мүмкін және сирия мәтіндерінің моңғол тарихына деген құндылығын талқыға салуға болады. Менің зерттеулерім үшін ең маңызды мәтіндер болып табылатындар: Бар Хебреустың хронографтары, оның ішінде екі бөлек жұмыстың жалғасы, сондай-ақ белгісіз несториан жазушысының Кұблай Ханның монахтары.

https://www.academia.edu/3846098/Writing_a_Christianized_History_of_the_Mongols._The_Mongols_in_Syriac_texts_in_the_late_13th_and_early_14th_century

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.