Бастама
Мұның барлығы Шығыс Қазақстанда орта ғасырлық сириялық жазулары бар Несториан қабірі табылған кезден басталды. Содан кейін жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан жерінде алғашқы тіркелген Несториандық қабірлертабылды.
2015 жылы Шығыс Қазақстанда бір диқан, ойылған айқыш және оны қоршаған бір жазулары бартасты тапты. Сандық сараптама, жазулар сириялық және тас несториандық мәсіхші діни қызметкердің қабірі екенін көрсетті. Кейінгі оқиғалар, 2016 жылдың жазында Қазақстан археологиялық институты мен Техас Танды археологиялық институты бірлесіп қазба жұмыстарын жүргізуге себеп болды. Бұл қазбалар нәтижесінде Қазақстандағы несториан қабірлері алғашқы реттабылды, үшеуі - ежелгі сириялық жазбасымен жазылған Шығыс қауымының литургиясы. Содан бері сол артефактілерге қосымша бірнеше басқа тастар да табылды.
Қосымша жүргізілген табысты қазбалардан кейінҒылым академиясының археологиялық институты Несторантану кафедрасын ресми түрде ашуға шешім қабылдады. Ресей академиясында - Сириямәсіхшілігі, Батыста - Шығыс қауымы деп танылған Несториан мәсіхшілігі, кафедраның аты осыдан шыққан. Кафедраныңтүпкі мақсаты - Қазақстан мен Орталық Азияның көбінесе еленбей қалған Несториан тарихын зерттейтін, қазбаларды жүргізетін және зерттеулердің нәтижесін жария ететін инфрақұрылымды жасау.
Қазақстан үшін маңыздылығы
Қазақстан әлемдегі ең ірі отыз мемлекеттердің қатарына кіруге ұмтылғандықтан, сондай-ақ Ұлы Жібек жолының сауда-саттығын жаңғыртуды қолдайтын бастықозғаушы күш болғандықтан, өз тарихы мен мәдени мұрасын зерттеу маңызды. Ғасырлар бойы Жібек жолы Шығыс пен Батыстың арасындағы еркін сауда ағынын ұсынып өркендеген болатын. Батысқа Жібек, қағаз және керамикалық бұйымдар әкелді. Жібек жолымен Шығысқа тері, металл мен шыны бұйымдары әкелінді. Сауда-саттықтың еркін ағынымен қатар Жібек жолы идеялармен еркін алмасуға да септігін тигізді.
Идеялардың салдары болады. Өзінің толықәлеуетіне (потенциалына) жетуге ұмтылатын кез келген қоғам, өзінің тарихын, сонымен қатар, қоғамның негізінде жатқан илеялар мен болжамдарды сараптау керек. Біз кімбіз? Біз қайдан келдік? Біздің мақсатымыз не? Қандай идеялар іске асты және неге? Қай идеялар іске аспады? Біз қайдан келдік және қайда бара жатырмыз? Біз баруымызға тиіс жерге қалай жетеміз?
Археология және ұлттық антропология – осы ғылымдар арқылы біз зерттеу жүргізіп, негізгі сұрақтарға жауап беруге тырыспақпыз. Жоғалған немесе ұмытылған тарихты қайтақалыпқа келтіру біздің тарихымыздың картасын нақтырақ және анығырақ бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді - біз қайда болдық, қазір қайдамыз, қайда баруымыз керек.
Бұл көзқарас Болашаққа бағдар: «Рухани жаңару» жаңа бағдарламасында да көрініс табады. Экономикалық даму мәселесі бойынша, әсіресе «Бір белбеу, бір жол» жобасына қатысты, Қазақстан Жібек жолының сауда саласында діндердің маңызды рөл атқарғанын түсінеді.
Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдерінің бүгінгі таңда бұл жоғалған тарих пен бай мәдени мұраны зерттепқана емес, сонымен қатар Ұлы Жібек Жолын қайта жандандырудың керемет мүмкіндігі бар. Біз Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияның тарихынқол ашып, ашық жүрекпен және тазаақылмен зерттеуіміз керек. Шындығында, мүмкіндіктер есік қағып тур. Қазба жұмыстарына қатысып, жұмыс нәти желерін жария етіп,мұражайларды толтырып және жастарға білім беріп, алдымыздағы мүмкіндікті құшақ жая қарсы алайық. Қазақстанға және басқа Орталық Азия халықтарына Құдайдың берген әлеуетін толық іске асыруға белсенді қатысайық.
Несториантанукафедрасы осы тарихтың Несториан аспектісін зерттеу үшін құрылған және бүгінгі таңда Қазақстан мен басқа Орталық Азия елдерінің аймақтарында несторианизм қандай рөл атқарғанын зерттеу үшін оңды қадам басты.
Орталық Азияның ұмытылған мәсіхшілік тарихын қайта ашу
Шығыс қауымы деген кітабында Кристоф Баумердің айтуынша, Шыңғыс хан 1206 жылы Моңғол империясын қалыптастыру үшін біріктірген жиырмадан астам түркі-моңғол тайпаларының, кем дегенде жетеуі несториан мәсіхшілері болған. Уильям Рубрук 200 мыңға жуық мықты деп сипаттаған Кереит несторианмәсіхшілерінің өзі, жаңадан пайда болған Моңғол империясының бүкіл халқының шамамен 12 пайызын құраған. Кереитке қоса, басқа да тайпалар Меркіт, Найман, Онгут, Ұйғыр, Урий-Гакит, Каңглы және Манжуриялықтар белгілі несториан мәсіхшілері болған.
Несториан сенімінің даму ауқымына түсінік беру үшін Филип Женкинс «Мәсіхшіліктің жоғалған тарихы» деген кітабында, 8-ші ғасырда Германия, Голландия және Ресей елдерінде мәсіхшілік әлі қабылданбаған кезде - Шығыс қауымының патриархы Тимоти сол кездің өзінде 19 Митрополияға (аймақтық архиепископтарға) жетекшілік еткен, ал олардың өзі Жібек Жолы бойындағы сексен бес епископты қадағалайтын.
780 жылы Тимоти Орталық Азияның көп бөлігін басқарған Түрік патшасының Мәсіхке бет бүрғаны туралы баяндайды. Марк Диккенс бұл адамдарды Қарлұқтар екенін анықтады және метрополия астанасы Таласта - қазіргі Таразда, Қазақстанда орныққан. Мерв қаласы – қазіргі Мары, Түрікменстанда 420 жылы епископ болған. 500-ші жылға таяу Мерв, Орталық Азиялық түрік тайпаларының басты мәсіхшілік орталығы ретінде, маңызды кітаптарды грек және сирия тілдерінен Орталық Азия және Шығыс Азия тілдеріне аударған.