Д-р Эрика К.Д. Хантер, Шығыс және Африка зерттеулер институтының (SOAS), тарих, дін және философия факультетінің ғылыми жұмыстар бойынша деканның орынбасары және Шығыс мәсіхшілік пәнінің аға оқытушысы.Сонымен қатар ол Дүниежүзілік мәсіхшілік орталықтың төрағасы, Діндер мен философия кафедрасы, Лондон университеті (SOAS). Оның ғылыми зерттеулері Ирактағы мәсіхшілікке және Иран, Орталық Азия, Ауғанстан және Қытайда Ізгі хабардың тарауына негізделген.
2008 бен 2011жылдар аралығында ол AHRC ұйымы қаржыландырған «Түрфанның мәсіхшілік кітапханасы» жобасының басты зерттеушісі болды, сол жобаның нәтижесінде Түрфандағы сирия қолжазбаларының каталогы пайда болы. [Эрика К.Д. Хантер және Марк Диккенс Берлиндегі Түрфан жинағының сирия тіліндегі мәтіндері (Штутгарт: Steiner Verlag, 2014) [Германиядағы шығыс қолжазбаларының тізімі, Сирия қолжазбаларының сериясы]. Оның екінші AHRC қаржыландырған жобасы, «Тұрфан мәсіхшілік мәтіндерді аудару» (2012-2015) соның нәтижесінде «Түрфаннан шыққан сирия тілінің қызмет кітабы» деген еңбек пайда болды.Эрика К.Д.Хантер және Ж.Ф.Коукли. Азия өнері мұражайы, Берлин MS MIK III 45 [Берлиндегі Түрфан мәтіндері XXXIX] (Turnhout: Brepols, 2017).