Д-р. Ли Таң Қытайда дүниеге келген.Пекинде Халықаралық бизнес және экономика университетінде экономика және бизнес мамандығын оқыды (Экономика бакалавры). Әріқарай ол Бирмингемде Селли Оук коллежінде, Ұлыбританияда және Фрибур университетінде, Швецарияда теологияны зерттеді. Жонсон қаласы, Теннеси штатында, АҚШ-та «Эмануел дінтану мектебінде» ол дінтану магистр дәрежесін алды. Германияда, Тюбинген университетінде шығыс мәсіхшілігінің тілдері мен мәдениеті мамандығы бойынша,философия докторы дәрежесін алды. Сингапур Ұлттық университетінде Дінтану және жаһанданудан постдокторантура бітірді. 2005ж. бері ол аға зерттеуші қызметін атқарады, сол сияқты Киелі кітапты оқып зерттеу және қауым тарихы кафедрасында лекция оқиды. Англияның Кембридж университетінің Құдайтану факультетінде және Клер Холлында қонақ лектор ретінде сабақ өткізді.
Д-р. Ли Таң Азия контекстіндегі мәсіхшілік тарихы, әсіресе Қытайдағы, Орталық Азиядағы және Жібек Жолы бойындағы сирия мәсіхшілігінің тарихы бойынша мамандырылған. Ол Жібек Жолы бойында, Қытайда, Индияда, Шри-Ланкада және Таяу Шығыста жұмыс жүргізді. Бірнеше редакцияланған томдар мен сирия мәсіхшілігі бойынша көп мақалалардан басқа, оның негізгі басылымдарына кіретіні: Қытайдағы несториан мәсіхшілігінін тарихын зерттеу және оның қытай тіліндегі әдебиеті, және Дүнгөн несториан құжаттарының ағылшын тіліне жаңа аудармасымен қоса (Франкфурт/M, Питер Лаң, 2002, 2ші басылым 2004); Шығыс сирия мәсіхшілігі, Моңғол-Юань Қытай еңбегінде (Висбаден: Отто Харрассовиц 2011).