D-р Дитмар В.Винклер Зальцбург/Австрия университетінде (2005 жылдан бастап) патристикалық зерттеулер мен мәсіхшілік тарихтың профессоры және Мәсіхшілік Шығысты зерттеу орталығының негізін қалаушы директоры. (ZECO - Мәсіхшілік Шығысты зерттеу орталығы, https://www.uni-salzburg.at/zeco). Ол Католик теологиясынан, ежелгі тарих, филология және педагогикадан жоғары білім алған : Теология докторы, Инсбрук университеті / Австрия; Хабилитация докторы, философия және теология магистры, Граца университеті/ Австрия, Экуменикалық зерттеулер бойынша сертификат, Женева университеті Швейцария (Дүниежүзілік қауымдар кеңесінің Экуменикалық Институты); Сирия тілі бойынша куәлік (Махатма Ганди университеті Каттаям/ Үндістан).
Бұдан бұрын Бостон университетінің Дінтану және теологиялық зерттеулер бөлім директорының орынбасары, Массачусетс/ АҚШ (2003-05), Экуменикалық және мәдениет зерттеулер институтына шақыру бойынша келген Фулбрайт зерттеушісі, Коллежвил, Миннесота (2001), және Киелі Ефрем Экуменикалық зерттеулер институтында Сирия тілі және экуменикалық зерттеулер бойынша қонақ зерттеуші, Керала/Индия (1998).Ол Гарвард университетінің Дүниежүзлік діндерді зерттеу орталығында қонақ зерттеуші ретінде жұмыс істеген, Массачусетс/АҚШ (2012, https://cswr.hds.harvard.edu/) және Поль Альбер Февье орталығында/Ежелгі және орта ғасырлық Жерорта теңізінің мәтіндері мен құжаттары (Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығы / Марсель университеті, http://cpaf.cnrs.fr/),Франция (2018).
Дитмар В. Винклер мәсіхшілік шығыстың мұраларының маманы, оған грек, сирия, копт және армян дәстүрлері де кіреді. Ол патристикалық мәтіндер білімін қазіргі кездегі экуменикалық ойлар мен оқиғалардың тығыз ұқсастығын диалогта байланыстырады. Өзгелерге қоса, ол «Арфа» редакциялық консультация беру кеңесінің мүшесі(Сирия және Шығыстану зерттеулеріне шолу, Үндістан) және «Шығыс мәсіхшіліктің мәтіндері мен зерттеулер» (Брилл баспасы Бостон / Лейден.
1964 жылы Шығыс мәсіхшілікпен диалогты жақсарту үшін құрылған «Pro Oriente» католик қорының қызметкері ретінде,ол «Сирия дәстүрлерін зерттеулерінің» ғылыми директоры болғандықтан ол Шығыс ортодокс қауымдарымен бейресми диалогты қалыптастыруда. 2003 жылдан бастап ол, Папа конгрегациясының Шығыс қауымдарына арналған Oriental Cattolico, яғни (Шығыс католиктік қауымдары туралы стандартты жұмысын) қайта қарауға арналған сарапшылар тобына кірді, сөйтіп мәсіхшілік бірлікті алға жылжыту үшін Понтифик кеңесінің консультанты болып таңдалды. «Католик қауымы мен Шығыс ортодокс қауымдарының арасындағы теологиялық диалогқа арналған халықаралық бірлескен комиссияға» Рим католик делегациясының мүшесі ретінде тағайындалды. Ол «Қытайдағы және Орталық Азиядағы Шығыс [Сирия мәсіхшілігі] қауымын зерттеу» жөніндегі Зальцбург халықаралық конференцияларының жетекшісі. Басылымдар неміс, ағылшын, француз, румын және араб тілдерінде жарық көрді.